Алматыда жер сілкінісі болды

Жер сілкінісі Алматыда 5 балл деңгейінде (MSK-64 шкаласы бойынша) сезілді.

Алматыда жер сілкінісі болды
astanatv.kz
976

Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты "СТӘК" ЖШС-ның сейсмикалық стансалар желісі Алматы уақытымен 23 қаңтар күні 00 сағат 09 минутта жер сілкінісін тіркеді.

Жерасты дүмпуі Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 264 шақырым жерде, Қазақстен мен Қырғызстан шекарасы аумағында болды.

Энергетикалық санаты – 15.1. MPV тербелісі – 6.7. Тереңдігі – 65 км.

Жер сілкінісі Алматыда 5 балл деңгейінде (MSK-64 шкаласы бойынша) сезілді.

Желіде тараған видеоларда халықтың сыртқа шығып кеткенін көруге болады. Бұдан бөлек алматылықтар үйлеріндегі жиһаздардың теңселген видеоларымен де бөлісті. Қала көшелерінде көлік кептелісі, жанармай құю станцияларында көлік кезегі байқалды.

Серіктес жаңалықтары