Мемлекет басшысы 24-25 қаңтар күндері Алматыға барады

Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады.

Мемлекет басшысы 24-25 қаңтар күндері Алматыға барады
Aqorda
899

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев алдын ала жоспарланған жұмыс кестесіне сәйкес 24-25 қаңтар күндері Алматыға барады.

Бұл туралы Президент кеңесшісі - президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли жазды.

Президент мегаполистегі бірқатар нысанды аралайды. Соның ішінде Қаңтар оқиғасынан кейін күрделі жөндеуден өткен әкімдік ғимаратына барып, қаладағы жағдайға байланысты жиын өткізеді.

Серіктес жаңалықтары