Екі белгілі әншінің қол ұстасқан видеосы тарады

Алайда Айкерім Қалаубаева жеке парақшасына достықты меңзеп, жазба жариялаған.

Екі белгілі әншінің қол ұстасқан видеосы тарады
видеодан алынған кадр
2586

Танымал эстрада әншілері Нұрлан Әлімжан мен Айкерім Қалаубаеваның қол ұстасқан видеосы желіге тарады, деп хабарлады turkystan.kz stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Соңғы кезде қос эстрада жұлдызы той жүргізіп жүр. Желі қолданушылары екеуін ғашықтарға ұқсатуда. 

«Нұрлан ағамыз бірінші әйелінен ажырасып, Айкеріммен бірге деп естігенім рас болды-ау», «Айкерімге үйленген жоқ, Қызыорданың қызын алды», «2015 жылы Нұрлан Жансая деген әйелінен ажырасты, балаларына алиментін төлеп отыр», «Әртіс адамға шыдай беру оңай емес. Бірінші әйелінен 3-4 баласы бола тұра ажырасты. Жансая біздің ауылдың қызы болатын. Руы да – қоңырат, маңқытай. Екеуінің махаббаттарына қызықпаған адам жоқ. Көз тиген сияқты. Содан екі жаққа кетті. Айкерім де ажырасқан деп естідім, екеуі қосылса тіпті жақсы болар еді», «Қосылмай өткен ғашықтар сияқты», «Екеуі бір-біріне әдемі жарасады», «Тектен текке қолынан ұстамайды, араларында сезім бар» – деп жазып жатыр желі қолданушылары.

Жазылған пікірлерге екі әнші де пікір білдірмеді. Алайда Айкерім Қалаубаева жеке парақшасына достықты меңзеп, жазба жариялады.

«Әлемнің бар ажарынан бізге достық сымбаттылау

Мен жадырап жүрсін десең сен мықты бол, қымбаттым-ау!», – деп жазды.

 

Серіктес жаңалықтары