Алматыда тағы да жер сілкінісі тіркелді

Жерасты дүмпуі 5 шақырым тереңдікте болған

Алматыда тағы да жер сілкінісі тіркелді
ашық дереккөз
733

«СОМЭ» ЖШС сейсмологтары 24 қаңтар күні сағат 02:38-де Алматының оңтүстік-шығысынан 273 шақырым жерде, Қытай аумағында жер сілкінісін тіркеді.

 

«Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 11,6, магнитудасы MPV – 4,9, эпицентр координаттары – 41,14° солтүстік. 78,57°D. Жерасты дүмпуі 5 шақырым тереңдікте болған», – делінген хабарламада.

Араға уақыт салып сағат 05:05 шамасында Қытайда, Алматының оңтүстік-шығысынан 267 шақырым жерде тағы бір жер сілкінісі тіркелгені белгілі болды.

Сейсмологтардың мәліметінше:

  • Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 11,1;
  • Магнитудасы MPV – 5,0;
  • Эпицентр координаттары – 41,13° солтүстік. 78,55°D;
  • Тереңдігі – 5 шақырым.

Серіктес жаңалықтары