Мердігер түрік компаниясының салғырттығы су тапшылығы мәселесін ушықтырып отыр

Былтырға 4 ақпанда аяқталуға тиіс жұмыс әлі тоқтап тұр.

Мердігер түрік компаниясының салғырттығы су тапшылығы мәселесін ушықтырып отыр
сурет: parlam.kz
920

Су тапшылығы мәселесі шешілмей отыр. Осы мәселені көтерген «AMANAT» партиясының депутаттары Бас прокурор Берік Асылов пен Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Склярға депутаттық сауал жолдады. 

Жамбыл облысында өткен жылдың жаз айларында ағын су тапшылығына байланысты төтенше жағдай жарияланғаны белгілі. Қазіргі қиын жағдайда осы уақытқа дейін саладағы салынбаған каналдармен проблемалар маңызды рөл атқарды. Онтүстік өңірлер, соның ішінде Жамбыл облысының тұрғындары органикалық өнімдерді өсіруге, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, сапалы өнімдермен үлес қосуға дайын. Алайда, суармалы суға қол жеткізу мәселесі шешілмей отыр. Жамбыл облысы Шу ауданына қарасты Дулат ауылдық округі, Қонаев және Балуан Шолақ елді мекендеріндегі тозығы жеткен 12 каналды жөндеу мақсатында иррегациялық-дренаждық жүйелерді жетілдіру (ПУИД-2) бағдарламасы 2019 жылы бастау алған. Мердігер  СП «ЭРЭН-НТФ Иншаат Тиджарет Шикерти» Түрік компаниясы жұмыс жүргізген. Жоба құны – 3,85 млрд.теңге, – дейді депутаттар.

Осы бас мердігер ұйымның жұмыс қарқынының өте төмендігіне байланысты келісім шарт бұзылған. 2022 жылы жоба қайта жасалып, құны 4,875 млрд. теңге бөлінген. Жобада ауданның 12 шаруашылық каналы және екі коллектор жүйесінің құрылыс-жөндеу жұмыстары қарастырылған. Былтырға 4 ақпанда аяқталуға тиіс жұмыс әлі тоқтап тұр.

Бұл лауазым иелері жағынан тиісті бақылау мен жауапкершіліктің болмауының нәтижесі. Дулат ауылдық округінің Бәйдібек, Бөлтірік шешен елді мекендерінің тұрғындармен кездесу барысында 140 шаруа қожалығы, қосымша 3 ауылдық округтың 300-ге жуық шаруа қожалықтары, бес жылдан бері жеп отырған нанынан ажырап, қол қусырып отырғандарын және осы жан айқайларын үкіметке жеткізіп, тез арада шешімін табуды сұрады. ПУИД-2 жобасы бойынша каналдардың құрылыс-жөндеу жұмыстарын аяқтап, халық игілігіне беруді, жоғарыдағы фактілер бойынша тексеру ұйымдастыруды сұраймыз, – деді депутаттар.

Серіктес жаңалықтары