Ақтауда медициналық орталық 33 қызметкерінің жалақысын бермей келген

Медициналық орталық директорына 103 500 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды.

Ақтауда медициналық орталық 33 қызметкерінің жалақысын бермей келген
aikyn.kz
770

Ақтау қаласындағы медициналық орталық ұзақ уақыт бойы еңбек инспекцияның жалақы бойынша берешекті төлеу туралы нұсқамасын орындамағаны анықталды, деп хабарлады turkystan.kz.

«Облыс прокуратурасы 2023 жылдың 8 айда жиналған 7 млн. теңгеге 33 жұмысшыға жалақы бойынша берешекті төлетуге мәжбүрлеу шараларын қабылдады», – делінген прокуратура хабарламасында.

Атқарушылық құжатты уақтылы орындамағаны үшін ҚР ӘҚБтК 669-бабының 1-бөлігі бойынша медициналық орталық директорына 103 500 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды.

Прокуратура еңбек қатынастары шеңберіндегі міндеттемелерді орындамаудың құқықтық салдары туралы ескертеді.

Серіктес жаңалықтары