1036
3 қалада терроризмді насихаттаған діни радикалдар ұсталды
Қазір осы істердің барлық мән-жайын анықтау үшін жедел және тергеу шаралары жүріп жатыр.
Ұлттық қауіпсіздік комитеті 20 және 24 қаңтарда прокуратура және полиция жәрдемімен Астана, Шымкент қалаларында және Ақтөбе облысында діни радикалдар әрекетінің жолын кесу үшін операция өткізді.
Жедел қызметкерлер терроризмді насихаттады және қаржыландырды деген күдікпен үш адамды ұстап, қамауға алды.
ҚР Қылмыстық кодексінің 256-бабы 2-бөлігі және 258-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
Қазір осы істердің барлық мән-жайын анықтау үшін жедел және тергеу шаралары жүріп жатыр.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.