АҚШ-та жүйрік атқа қазақстандық теннисшінің есімі берілді

Жылқының кәсіби рекорды 40 жарысты қамтиды.

АҚШ-та жүйрік атқа қазақстандық теннисшінің есімі берілді
sports.kz
871

АҚШ-та жүйрік атқа қазақстандық теннисші Елена Рыбакинаның есімі берілді, деп жазады Sports.kz.

Equibase-тегі профиліне сәйкес, Рыбакина есімді үш жасар жылқы өзінің жарыстағы мансабын жақында — 2023 жылы бастаған.

Осы уақытқа дейін екі жарысқа қатысып, оның бірінде үшінші орын алды. «Рыбакинаның» жалпы табысы бүгінде 7 340 доллар болған. 

Айта кетейік, асыл тұқымды жүйрік атқа Қазақстанның атақты спортшыларының есімін беру бірінші рет емес. 2020 жылдан бері атақты боксшы Геннадий Головкиннің есімімен аталатын Головкин атты сәйгүлік АҚШ-та өнер көрсетіп жүр. Жылқының кәсіби рекорды 40 жарысты қамтиды.

Оның төртеуін жеңіп, алты жарыста екінші және тағы бесеуінде үшінші орынды иеленіп, иесіне 94 809 доллар табыс әкелді. 

Серіктес жаңалықтары