938
Жетісу облысында республикалық автожолдың бір бөлігі жабылды
Қазір республикалық маңызы бар автожолдарға 636 бірлік техника және 1312 жолшы жұмылдырылды.
Ауа райының қолайсыздығына байланысты 25 қаңтар сағат 11.00-дегі ахуалға сәйкес Жетісу облысында жол бөлігі жабылды, деп хабарлады turkystan.kz.
Жетісу облысының «Үшарал-Достық» республикалық маңызы бар автожолының 84-184 км, Көктұма станциясынан Достық станциясына дейінгі аралықта көліктің барлық түрлері үшін жол қозғалысына шектеу енгізілді.
Қазір республикалық маңызы бар автожолдарға 636 бірлік техника және 1312 жолшы жұмылдырылды.