Тәттіге құмарлық: себептері және арылу жолдары

Ағзадағы дефициттарға мән бермей тәттіні көп жесеңіз не болады?

Тәттіге құмарлық: себептері және арылу жолдары
pixabay
2916

Әр адам орта есеппен 100 грамм қант тұтынады. Бұл нормадан үш есе артық. Адам құрамына аса мән бермейтін тағамдарда қант көп болады. Ал денсаулықты күтудің басты қағидасы – қанттан бас тарту. Бұл мәселені шешу қиын, бірақ мүмкін.

Нутрицолог, диетолог мамандарының айтуынша, тәттіге тәуелділік ағзада минералдар мен қажетті дәрумендер жетіспегеннен туындайды.

Магний жетіспеушілігі. Ондай кезде сіз шоколад жей бергіңіз келеді. Одан бөлек тез ашулансаңыз, уйымдай берсеңіз немесе стресске түссеңіз тәттіге құмарлық пайда болады.

Темір жетіспеушілігі. Адамда ферритин: 15, темір: 8-10, гемоглабин: 120 төмен болса тәттіге құмарлық арта түседі.

Ағзада «Д» бәрумені қалыпты жағдайда 50-80. Егер төмен болса, қарныңыз тез ашады және серотонин гормоны төмендейді. Көңіл күй нашарлайды. Тәттіге құмарлық басым болады.

Цинк жетіспеушілігі болған жағдайда, созылмалы ауруларға бейімділік пайда болады. Созылмалы аурулар рецепторлар дұрыс жұмыс істеуіне кедергі келтіреді. Салдарынан тәттіге құмарлық пайда болады.

Ағзадағы дефициттарға мән бермей тәттіні көп жесеңіз не болады?

 1. Артық салмақ;          

 2. Қант диабеті;

 3. Инсулинрезистенттілік;

 4. Жүрек аурулары;

 5. Безеу/бөртпелер пай болуы;

Серіктес жаңалықтары