Роза Әлқожа сырқаттанып қалғанын айтты

Әнші үйінде үш күн ауырып жатқан.

Роза Әлқожа сырқаттанып қалғанын айтты
instagram
1134

Танымал эстрада әншісі Роза Әлқожа желіде сырқаттанып қалғанын хабарлады. Өнер иесі бүгінде арнайы шипажайда ем қабылдап жатқанын айтты.

 Әнші үйінде үш күн ауырып жатқан. Жағдайы жақсармаған соң, ол денсаулығын кәсіби мамандарға сеніп тапсыруды жөн көрген.

 «Денсаулық пен өмір берсін Алла баршамызға! Соңғы вирус оңай тимеді. Үйде үш күн ауырдым. Бала-шағамыз бастаған, бізді де айналып өтпеді. Жолымбет ағадан барып үш рет озонотерапия алдым. Содан «қой, өзіме қарамасам болмас» деп, Қарағандыға ұшып кеттім. Осыдан жеті жыл бұрын құрбым осы шипажайға әкелген. Содан бері жылына бір рет келіп, құрбыммен ем алушы едік.

Былтыр келмегендіктен бе, биыл грыжа, остеохондроз, протрузия шыдатпады. Түнде ұйқыдан қалдым. Аяқ астынан жиналдым да, осы жолы құрбыма да хабарласпай өзім келе бердім. Келген соң екі күн ұйықтап, сосын жан-жаққа қарай бастадым. Адамда көңіл-күй мен денсаулық болса алмайтын қамал жоқ. Сондықтан бес күн болса да, ем алуға уақыт бөлу керек екен», - деп жазды әнші.

Серіктес жаңалықтары