791
Павлодар облысында жол шетінде жатқан адамды көлік қағып кетті
Зардап шеккен адам оқиға орнында жан тапсырды.
Успен ауданында жол шетінде жатқан адамды көлік қағып кетті, деп хабарлады turkystan.kz.
Pavlodarnews.kz сайтының мәліметінше, зардап шеккен адам оқиға орнында жан тапсырды.
23 қаңтар күні Успен ауылындағы Гагарин – Чехов көшелерінің қиылысында «Газель» жүк көлігінің жүргізушісі жол шетінде жатқан адамды қағып кеткен. Тәртіп сақшыларының мәліметінше, қайтыс болған адам болжаммен мас болған.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан жаяу жүргінші алған жарақаттарынан сол жерде қайтыс болды. Сот-медициналық сараптамасы тағайындалды. Көлік айып тұрағына қойылды. Аталмыш факті бойынша тексеру жүргізілуде.