Ақтөбедегі мектептерге шабуыл жасалатыны туралы жалған ақпарат тараған

Жалған хабарлама таратқан күдікті анықталды. Ол жақын шетелдің 18 жастағы азаматы болып шықты.

Ақтөбедегі мектептерге шабуыл жасалатыны туралы жалған ақпарат тараған
ашық дереккөз
822

Айта кетейік, Ақтөбе мектептеріне террорлық шабуыл жасалатыны туралы ақпарат тарап, көпшілік үрейге бой алдырды. Ақтөбе облысының әкімі бірден аталған мектептерге барып, қауіпсіздік жүйесінің жұмысымен танысты.

Жалған хабарлама таратқан күдікті анықталды. Ол жақын шетелдің 18 жастағы азаматы болып шықты.

Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, өңірдегі жағдай құқық қорғау органдарының бақылауында. Алаңдауға негіз жоқ.

«Ақтөбе қаласының мектептерінде терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау фактісі бойынша полиция қызметкерлерімен жақын шет елдердің бірінің 18 жастағы тұрғыны анықталды. ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес қылмыстық істі тергеу шеңберіндегі өзге де ақпарат жария етуге жатпайды»,- деп хабарлады Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметі.

Қазір қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүріп жатыр.

Серіктес жаңалықтары