Павлодарда кәріз құдығынан ер адамның денесі табылды

Мәліметті облыстық полиция департаменті растады.

Павлодарда кәріз құдығынан ер адамның денесі табылды
aikyn.kz
682

Павлодарда кәріз құдығынан ер адамның денесі шығарылды, деп хабарлады turkystan.kz.

Pavlodarnews.kz сайтының мәліметінше, полиция оның жеке басын анықтады.

Әлеуметтік желіде Қамзин көшесінде кәріз құдығында ер адамның денесі табылғаны туралы ақпарат тарады. Бұл мәліметті облыстық полиция департаменті растады. 

«Аталған факті Павлодар қаласының полиция басқармасы Оңтүстік полиция бөлімінде тіркелген. Белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамның жеке басы анықталды. Зорлық-зомбылықтың сыртқы белгілері жоқ», – деді департаментте.

Сараптама тағайындалды. Оның нәтижелері бойынша процестік шешім қабылданады.

Серіктес жаңалықтары