Túrkistan халықаралық апталығы – ұлт руханиятының үлкен олжасы – Ерлан Қошанов

Ап­та­лық алғашқы санынан бастап түбі бір түрік ел­де­рі­нің жаһандық деңгейде ынтымақтастығына, бере­ке-бірлігіне қызмет етіп келеді.

Túrkistan халықаралық апталығы – ұлт руханиятының үлкен олжасы – Ерлан Қошанов
turkystan.kz
758

Сіздерді 30-жылдық мерейтойларыңызбен зор ықы­ласпен құттық­таймын! 

Қазақ баспасөзі өзінің ғасырдан астам тарихында хал­қымыздың  көзқуанышы, ұлтымыздың рухани сүйеніші болып келеді. 
Тәуелсіздіктің елең-алаң шағында да баспасөздің рөлі, ықпалы ерекше болды. Ұлттың жоғын түгендеп, барын сақтап қалу жолында ұлан-ғайыр іс тындырды. 

Міне, осындай алмағайып шақта дүниеге келген Túrkistan халықаралық апталығы ұлт руханиятының үлкен олжасы екені даусыз.
Қазақ әдебиетінің классигі, ірі қоғам қайраткері Қал­тай Мұхамеджанов басқарған басылым жас мем­лекетіміздің уығын қадасып, шаңырағын бекітуге ат­са­лысты.  Газетте көптеген елге танымал тұлғалар же­місті еңбек етті. 

Басылымның Túrkistan аталуы да тегін емес. Ап­та­лық алғашқы санынан бастап түбі бір түрік ел­де­рі­нің жаһандық деңгейде ынтымақтастығына, бере­ке-бірлігіне қызмет етіп келеді. Төрткүл дүниеге ша­шырап кеткен қан­дастар мәселесі де – басылым­ның негізгі тақырып­тары­ның бірі. Редакцияның бүгінгі ұжымы да сол мәр­те­белі  мін­детті лайық­ты  жалғастырып жатыр. Бүгінгі Túrkistan – мазмұны бай, мақсаты ай­қын, қазіргі  оқыр­ман­ның сұранысын қанағаттандырып отыр­­ған басылым.
Мерейтой қарсаңында газет ұжымына шығарма­шы­лық табыс, үлкен абырой тілеймін! 
Жақсы хабарлардың жаршысы бола беріңіздер! 

Құрметпен, 
Мәжіліс төрағасы 
Е.Қошанов

Серіктес жаңалықтары