Túrkistan дегенде...

Túrkistan мені жақсы адамдар­мен табыстырды. Марқұм Дидахмет аға­мыздың өнегесін ұмытқан жоқ­пын. Шәмшидин ағайға қарыз­дар­мын. Есенгүл Кәпқызымен күні бү­гін­ге дейін араласамыз, бірлескен жо­балар жасаймыз. Ал Túrkistan та­быс­тырған Гүлнар – менің ең жа­қын досым. Сондықтан да Túrkistan-ды ерекше жақсы көремін.

Túrkistan дегенде...
turkystan.kz
679

2000 жылы университет бітіріп, диплом алдық. Бұл өзі дағдарыстан енді-енді ес жиып жатқан кезең бо­латын. Бір күні курстасым Мұхтар Сең­гірбай Túrkistan газетіне жұмыс­қа тұруға мүмкіндік бар екенін айт­ты. Газеттің бағытын онша-мұнша түсі­не қоймасам да, жұмысқа алады де­генге қуанып кеттім. Бас редак­торы Шәмшидин Паттеев бұрын-соң­ды көрмеген, танымайтын ада­мым. Газетке жаңа тыныс әкелсін деп, жастарды алмақшы екен. Бізден екі курс жоғары оқыған Жұлдыз Тө­леу, біздің курстан Мұхтар Сең­гір­бай, Гүлбиғаш Омар, бізден екі курс тө­мен оқыған Гүлнар Мұқанова бар, бе­сеуімізді бір күнде жұмысқа алды. Біз­ден сәл кейін Гүлзина Бектасова кел­ді. 

Газетке қаншалықты жаңа леп алып келгенімізді білмеймін, бірақ Мұх­тар мен Гүлбиғаш саясатты, Гүл­нар экономика мен қаржы саласын, бізден бұрынырақ келген Есенгүл Кәп­­қызы руханият, көші-қон мә­се­ле­лерін бұрқыратып жазып жатты. 

Túrkistan бізді қиындықтан алып шыққан, болашаққа жол сал­ған ұжым ғана емес, үлкен мектеп те бол­ды. Әрине, мұны ол кезде түсіне қой­ған жоқпын. Кейін ойлап қара­сам, бізді жауапты жұмысқа алудан бас­тап, алдыңғы буынның  тәлімін көруге дейін тұтас бір мектеп екен. 
Бейсенбі күні газет шығады, сол кү­ні лездеме өтеді. Жастық мак­си­ма­лизм ұрып тұр, мүйізі қарағайдай ағаларымызды сынап тастаймыз. Ұзақ уақыт зерттеп, архивте отырып, көз майын тамызып жазған көлемді ма­қалаларды жақтырмай, «көлдей-көл­дей мақалаларды қысқарту ке­рек, қысқа жазып үйрену керек» деп «ақыл айтып» тастаған да кезіміз бар. Қазір мұны күліп еске аламыз. 

Айтпақшы, алғашқы айлығы­мыз­­ды алғанда шала байып қалған­быз. Жарты жыл бұрын ғана 2 000 тең­ге стипендия алып жүрген едік, ен­ді айына 9 000 теңге жалақы ала бас­тадық. Қаламақысы тағы бар. 

Túrkistan мені жақсы адамдар­мен табыстырды. Марқұм Дидахмет аға­мыздың өнегесін ұмытқан жоқ­пын. Шәмшидин ағайға қарыз­дар­мын. Есенгүл Кәпқызымен күні бү­гін­ге дейін араласамыз, бірлескен жо­балар жасаймыз. Ал Túrkistan та­быс­тырған Гүлнар – менің ең жа­қын досым. Сондықтан да Túrkistan-ды ерекше жақсы көремін. 

Жұлдыз Әбділда, 
Túrkistan газетінің 2000-2002 жылдардағы тілшісі

 

Серіктес жаңалықтары