Мүмкіндіктер ашқан газет болды

Әр журналистің өзіндік ауди­то­рия­сы болды. Túrkistan-ның оқыр­ман­дары өз журналисін іздеп келіп, ма­қалаға қатысты пікірін айтып оты­ратын. «Túrkistan-ның қыздары» деген ұғым да қалыптасып үлгерген.

Мүмкіндіктер ашқан газет болды
turkystan.kz
1065

ҚазҰУ-дің журналистика фа­куль­тетінің үшінші курсында оқып жүрген кезім. Қараша айы. Бізден екі курс жоғары оқи­тын Мұхтар Сеңгірбай Túrkistan газетіне жазып жүре­тін. Сол Túrkistan жас журналис­тер­ді тартып жатыр» деп хабар­лап, содан газетке мақала апар­дым. 

Бас редактор Шәмшидин Пат­теев ағамыз сол кездегі бала студент біз үшін аса ірі, алпамсадай көрінген. Көп сөзге жоқ, мақаламды қарап шы­ғып, «Қаламақың болады, бізге жа­зып тұр» деп қысқа қайырды.

Сол күзде газетке журфакты енді тә­мамдаған немесе соңғы курсында оқып жүрген Жұлдыз Төлеу, Жұлдыз Әбділда, Гүлбиғаш Омарова, Гүлзина Бектасовалар тартылды. Бір топ болып барған бізге Шәм­шидин ағамыздың ықыласы да ерек­ше-тін. Стратег кісі ғой, жас­тар­дың энергиясының газетке тың сер­пін әкелетінін өзі екшеп, пікірі­міз­ге құлақ асып, көтермелеп отыра­ды. Ой еркіндігіне көңіл аударады. 

Әр журналистің өзіндік ауди­то­рия­сы болды. Túrkistan-ның оқыр­ман­дары өз журналисін іздеп келіп, ма­қалаға қатысты пікірін айтып оты­ратын. 
«Túrkistan-ның қыздары» деген ұғым да қалыптасып үлгерген.

Өзім халықаралық жур­на­лис­ти­ка кафедрасында оқығандықтан жә­не ағылшын тілін аз-кем білетін­дік­тен, халықаралық шолушы боп бас­тадым. Қазақстандағы елшіліктер мен дипломатиялық өкілдіктердің денімен байланыс құрдым. 

Газетте істеп жүріп, экономика са­­­­­ласына мамандануды, қаржы шолу­шысы болуды мақсат тұтып, те­реңі­рек білім алу үшін Нархоздың Қар­жы және несие факультетіне түстім. Әрі қарай, экономика тақырыбына қалам тартып, газеттің эконо­ми­ка­лық шолушысына айналдым. Газет­тің қаржы институттарымен байла­ны­сын арттыруға күш салдым.

Кейіннен Túrkistan-ның Астана қа­ласында ашылатын қосынына же­текші жіберу мәселесі көтеріл­ген­де, жылы орнымды суытып, Астанаға бару­ға бел будым. 
Газетте ұзын саны 7 жыл жұмыс іс­­теп­пін. 18 жастағы студент болып ке­ліп Túrkistan газетінен үлкен тә­жірибе жи­нақтадым. 

Халықаралық саясат, экономика салаларына қалам тартып, онан әрі Ас­­танадағы қосында ұйымдас­тыру­шы­лық қасиеттерімді аштым. Tur­kis­tan мүмкіндіктер ашқан орын болды.

Turkistan-ның мерейтойында га­зе­тімізге өзіндік бейнесін қалып­тас­тырған өзіндік соқпағымен жүре оты­рып, жастардың тың ойын пай­далана беруді тілеймін!

Гүлнәр Мұқанова

Серіктес жаңалықтары