Қазақстан мен Ресей шекарасында жүк көлігінен 100 келі есірткі тәркіленді

Осы фактіге қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Қазақстан мен Ресей шекарасында жүк көлігінен 100 келі есірткі тәркіленді
ашық дереккөз
772

Ұлттық қауіпсіздік комитеті ірі есірткі партия контрабандасы арнасының жолын кесті, деп хабарлады turkystan.kz.

«18 қаңтарда рейдтік іс-шаралар барысында Қазақстан-Ресей шекарасынан өтпекші болған  жүк автокөлігінде халық тұтынатын тауарларға жасырылған шамамен 100 кг есірткі заты табылып, алынды», – делінген хабарламада.

Осы фактіге қатысты Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Өзге ақпарат Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес жария етілмейді.  

Серіктес жаңалықтары