Еуроодақ қазақстандықтардың визаға өтінішін қарау мерзімін қысқартады

СІМ мен ЕО өкілдері кездесті

Еуроодақ қазақстандықтардың визаға өтінішін қарау мерзімін қысқартады
СІМ баспасөз қызметі
867

Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев Еуропалық одақтың Қазақстандағы Елшісі Кестутис Янкаускаспен кездесті, деп хабарлады turkystan.kz Халық үніне сілтеме жасап.

Кездесу барысында тараптар консулдық саладағы ынтымақтастықтың бірқатар мәселелерін қозғап, ҚР азаматтары үшін ЕО елдерінің визалық режимін жеңілдету бойынша консультациялардың екінші кезегін өткізу мәселесін талқылады. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарлады.

Еуропалық визалық режимді жеңілдетудің бастапқы кезеңдері:

визаға өтінім берудің біріңғай құжаттар топтамасын енгізу;

консулдық алымдардың мөлшерін қысқарту;

өтініштерді қарасудың мерзімін азайту;

көп мәртелік визалардың қолданыс мерзімін ұзарту.

Келіссөздердің нәтижесі бойынша, ҚР мен ЕО арасындағы консулдық саладағы достық қарым-қатынастарды одан әрі нығайту бойынша уағдаластыққа қол жеткізілді.

Серіктес жаңалықтары