Қазақстандық мерген Мария Дмитренко әлем кубогында алтын медаль еншіледі

Бұл - қазақстандықтардың Каирде жеңіп алған үшінші жүлдесі

Қазақстандық мерген Мария Дмитренко әлем кубогында алтын медаль еншіледі
Спорт комитеті
1007

Оқ атудан Каирде (Мысыр) өтіп жатқан әлем кубогының кезеңінде Қазақстан құрамасының қоржынына алтын медаль түсті, деп хабарлады turkystan.kz inform.kz-ке сілтеме жасап.

Атап айтсақ, «Трап» бағдарламасы бойынша сынға түскен Мария Дмитренко топ барлық қарсыластарын басып озып, жеңіс тұғырының ең биік сатысынан көрінді.

Алтын жүлде үшін өткен тартысты сайыста 35 жастағы отандасымыз 40 ұпай еншілеп, Токио Олимпиадасының чемпионы, 2 дүркін әлем чемпионы Фатима Галвез және Токио Олимпиадасының 2 мәрте жүлдегері Алессандра Периллиді басып озды.

Бұл — Мария Дмитренконың алғашқы ірі жетістігі емес, ол осыған дейін әлем кубогы кезеңдерінде екі рет алтын (2023, 2024), екі рет күміс (2021, 2023), үш рет қола (2021, 2022) медаль еншілеген.

Бұл — қазақстандықтардың Каирде жеңіп алған үшінші жүлдесі.

Серіктес жаңалықтары