971
Бүгін боран соғып, қалың қар жауады
28 қаңтарға арналған ауа райы болжамы жарияланды
Қазгидромет синоптиктері жексенбіге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлады turkystan.kz.
Атмосфера фронттарының әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде құбылмалы тұрақсыз ауа райы сақталады. Жауын-шашын жауады.
Еліміздің солтүстік-батысында, оңтүстігінде жауын-шашын жаумайды.
Солтүстік пен оңтүстікте тұман түсіп, жел күшейеді, солтүстікте бұрқасын соғады, батыс пен оңтүстікте көктайғақ болады.