728
Алматы облысында дәнекерлеу цехындағы өрт сөндірілді
Алматы облысы ТЖД кезекші бөліміне Талғар ауданы Белбұлақ ауылында дәнекерлеу цехының өртеніп жатқаны туралы хабарлама түсті
Оқиға орнына Алматы облысы ТЖД күштері мен құралдары дереу жіберілген, деп хабарлады turkystan.kz.
Қабылданған шаралардың арқасында лак-бояу өнімдері сақталған қойманың барлық алаңына және жақын орналасқан жеке тұрғын үйге оттың тарауына жол берілмеді. Өртті сөндіруге Алматы облысы ТЖД 39 қызметкері мен 13 техникасы, Алматы қаласы ТЖД 5 қызметкері мен 2 техникасы жұмылдырылды, – делінген хабарламада.