Шымкентте жаңа сейсмологиялық станция салынады

1927 жылдан бері жұмыс істеп келе бекеттің ғимараты бүгінде әбден тозған

Шымкентте жаңа сейсмологиялық станция салынады
BAQ
635

Шымкентте сейсмологиялық станция бар. Мұнда сейсмикалық деректерді жинау, талдау, өңдеу, жер сілкінісі ошақтарының класын, магнитудасын және бағытын анықтау жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлады turkystan.kz Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

Станцияда 3 жұмысшы қызмет атқарады. 1927 жылдан бері жұмыс істеп келе бекеттің ғимараты бүгінде әбден тозған.

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков "Шымкент" сейсмологиялық станциясының жұмысымен танысты.

Бекеттің жай-күйін көрген қала әкімі жауаптыларға жаңа ғимарат салуға тапсырма берді.

Сондай-ақ, Ғабит Сыздықбеков сауда логистикалық орталықтағы көпфункционалды қойма кешенінің құрылыс жұмыстарын бақылады.

Жаңа көкөніс қойма кешені 6 гектар аумақта салынуда. Жеке инвестор есебінен қаржыландырылған инвестициялық жобаның жалпы құны – 10 239 млн теңге. Биыл іске қосылатын қоймада 107 адам жұмыспен қамтылады.

Құрылыс жұмыстарын бақылаған қала басшысы кәсіпкерлік бастамаларды ынталандыру мақсатында мемлекеттік қолдау жалғасатынын жеткізді.

Серіктес жаңалықтары