848
Тұман, көктайғақ: 29 қаңтарға арналған ауа райы болжамы
Қазгидромет синоптиктері 29 қаңтар, дүйсенбіге арналған ауа райы болжамын жариялады.
Атмосфералық фронттарға байланысты әлі де Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады.
Жауын-шашын (көбіне қар) жауады.
Оңтүстік, оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында қатты жауын-шашын болады.
Қазақстан бойынша тұман түсіп, көктайғақ болады.
Оңтүстік, оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында бұрқасын көтеріліп, жел күшейеді.