1149
Сыртқы істер министрі ресми сапармен Қырғыз Республикасына барды
Екі елдің ведомство басшылары бірақатар келіссөз жүргізеді.
Премьер-министрдің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу қырғыз тарапының шақыруымен Қырғыз Республикасына ресми сапармен барды.
СІМ басшысын «Манас» халықаралық әуежайынан Қырғыз Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Асеин Исаев және басқа да ресми тұлғалар күтіп алды.
Бішкек қаласында болу бағдарламасына сәйкес Қырғызстан мен Қазақстанның сыртқы істер ведомстволарының басшылары келіссөздер жүргізіп, оның барысында қырғыз-қазақ стратегиялық әріптестігі мен одақтастықтың өзекті мәселелері талқыланады.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, тәжік тарапының шақыруымен Мұрат Нұртілеу Тәжікстан Республикасына ресми сапармен барды.