22 жастағы қазақстандық күдікті Стамбулдан депортацияланды

Түркістан облысының тумасы 2020 жылы Сирияға кетіп, онда әрекеттегі қарулы топтардың біріне кірген.

22 жастағы қазақстандық күдікті Стамбулдан депортацияланды
ҚР ҰҚК
871

Халықаралық террористік ұйымның әрекетіне қатысы болуы мүмкін деп танылған күдікті 22 жасар қазақстандық азамат Стамбулдан Алматыға айдауылмен депортацияланды. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік қызметінің баспасөз қызметі мәлім етті.

Тергеу материалдарына сәйкес көрсетілген Түркістан облысының тумасы 2020 жылы Сирияға кетіп, онда әрекеттегі қарулы топтардың біріне кірген.

Күдіктіні ҰҚК түркиялық серіктестерімен бірлесу арқылы ұстады. Сондай-ақ Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы мен ІІМ-нің қолдауы нәтижесінде қолға түсіп, отанына қайтарылды.

Ұсталған азаматқа қатысты ҰҚК Қылмыстық кодекстің 257-бабына сәйкес террористік әрекетке қатысу фактісі бойынша қылмыстық істітергеп-тексеріп жатыр.

Ол сот санкциясымен қамауға алынды.

Қажетті тергеу амалдары жүргізілуде.

ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Серіктес жаңалықтары