Қоршаған ортаның ластануынан жыл сайын 1,7 млн бала көз жұмады

Қоршаған ортаның ластануынан жыл сайын 1,7 млн бала көз жұмады

Қоршаған ортаның ластануынан жыл сайын 1,7 млн бала көз жұмады
ашық дереккөзі
1273
Жыл сайын әлемде қоршаған ортаның ластануынан бес жасқа дейінгі 1,7 миллион бала мерт болады. Бұл дүниежүзі бойынша балалар өлімінің төрттен бірін құрайды. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына (ДДҰ) сілтеме жасап «РИА Новости» агенттігі хабарлады. «Жыл сайын ластанған ортаға байланысты қауіп-қатерлерден, соның ішінде тұрғын үй ішіндегі және сырттағы ауаның ластануынан, ырықсыз шылым шегуден, тазартылмаған судан, санитарлық талаптардың сақталмауынан бес жасқа дейінгі 1,7 миллион бала көз жұмады», - делінген ДДҰ баяндамасында. Ұйым қоршаған ортаның қолайсыз жағдайымен байланысты балалар өлімінің бес негізгі себебін атады. Бірінші орында респираторлық аурулар,  сырқат салдарынан 570 мың бала қайтыс болады. Тағы 360 мыңнан астам бала сапасыз судан, санитария мен гигиенаның сақталмауынан туындайтын асқазан ауруларынан көз жұмады.  

Серіктес жаңалықтары