1299
Майқайың кенішінде автобустың дөңгелегі табылды
Іздестіру-құтқару жұмыстар жалғасуда.
Шұңқырдың түбінде қосалқы гидравликалық балғасы бар экскаватор жұмыс істеуде, деп хабарлады turkystan.kz Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.
Облыс әкімі Асайын Байханов Instagram парақшасында Майқайың кенішінде жүргізіліп жатқан іздестіру жұмыстары жайлы ақпаратпен бөлісті.
«Майқайың-алтын» АҚ аумағында гидравликалық балғамен экскаватор жұмыс істеуде. Оның көмегімен үлкен тастар ұсақталады. Бүгінгі жұмыстың нәтижесінде құтқарушылар автобустың үлкен бөлшегін – дөңгелегін тапты»,– деді аймақ басшысы.
Іздестіру-құтқару жұмыстар жалғасуда.
Еске сала кетейік, Майқайыңдағы оқиғаға жауаптылар анықталды. Комиссия 4-24 қаңтар аралығында тергеу жүргізді.