«Бір айда қырылған аққулардың саны – 1132»: Қаракөл қорығында аққулардың қырылуы толастады

Маңғыстау облысындағы Қаракөл қорығында аққулардың жаппай қырылуы қоғамды дүрліктірген болатын.

«Бір айда қырылған аққулардың саны – 1132»: Қаракөл қорығында аққулардың қырылуы толастады
Фото: Маңғыстау орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы
705

Маңғыстау облысына қарасты Қаракөл аумағында аққулардың жаппай қырылуы толастады, деп хабарлайды turkystan.kz mangystaumedia.kz-ке сілтеме жасап.

Маңғыстау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының басшысы Ғаббас Досатовтың айтуынша қазір аққулардың қырылуы толастаған.

«Бір айдан астам уақыт бойы қырылған аққулардың саны 1132-ге жетіп, тоқтады. Соңғы 3-4 күндікте қорық аумағындағы жағдай тынышталды. Ауа райының күрт суытуына байланысты көлде мұз қатып, аққулардың дені басқа жаққа ұшып кетті деген болжам бар. Көлде әзірге қырылған құстар байқалмайды. Осыған дейін өлген құстарды жинап алу жұмыстары жүргізілді. Әр жерде бірен-сараң өлекселер кездесуі мүмкін. Бірақ судың қатуынан оларды жинау мүмкін емес», – деді басқарма басшысы.

Айта кетейік, Маңғыстау облысындағы Қаракөл қорығында аққулардың жаппай қырылуы қоғамды дүрліктірген болатын. Кейін өңір әкімдігі жанынан арнайы жұмыс тобы құрылып, жағдайды бақылауға алды. Осы жағдайға қатысты сала мамандары зерттеу жүргізіп, құстардың өлімінің себебін атаған еді.


 

Серіктес жаңалықтары