«Мотивация бергім келеді»: Қыдырәлі Болманов кітап жазып жатыр

Өнер иесі фильм де түсіретін ойы барын жеткізді.

«Мотивация бергім келеді»: Қыдырәлі Болманов кітап жазып жатыр
nstagram.com/kydyrali_bolman
1204

Танымал продюсер, әнші Қыдырәлі Болманов жақында автобиографиялық кітабы жарық көретіні туралы мәлім етті.

Өнер иесі фильм де түсіретін ойы барын жеткізді.

«Менің кітабым біреуге ақыл айтып, көсемси сөйлеп, жаманымды жасырып, жақсымды асырғанды насихаттамайды. Конькиді әкесінің пимасына сымтемірмен орап, тістеуікпен тартып тастайтын «хоккейст», «футбольная поля» дегенді білмейтін, тастардан қақпа жасап, футболдан әлемдік «матч» өткізіп жіберетін, ауыл көлінен басқа бассейн дегенді білмеген балалық шағым туралы жазамын. Менің өмірде жіберген қатем басқаларына сабақ болсын деймін. Қазіргі тілмен айтсақ, бір грамм «мотивация» бергім келеді. Одан кейін көркем фильм түсіргім келеді. Ол енді – бөлек әңгіме», – деп жазды Қыдырәлі. 

Сондай-ақ продюсердің денсаулығы сыр беріп, шетелге емделуге кеткені белгілі болды.

«Шетел асып емделуге кетті десе, көңілшек қазақтың көк дөненіне үміт пен күдік қатар мінгесетін әдеті. Еміңе шипа, деніңе саулық болсын! Қарақат екеуіңді саяхаттан оралғандай күтіп алайық!» – деп пікір қалдырды журналист Қымбат Әбілдақызы әншінің жазбасына.

 

Серіктес жаңалықтары