886
Қазақстандық мерген әлем кубогында күміс жүлдегер атанды
Бұл Ұлттық құрама мергендері Мысырда қол жеткізген 4-ші медаль.
Қазақстандық мерген Никита Чирюкин Каирде өтіп жатқан Əлем кубогының күміс жүлдегері атанды.
Спортты дамыту дирекциясы мәлім еткендей, ол 25 метрден тапаншамен жылдам нысана көздеуде тек Оңтүстік Корея спортшысы Сон Жун Хоға есе жіберді.
Никитаның еншісінде 31, ал жеңімпазда 37 ұпай. Қола жүлде алған Флориан Петер (Германия) 27 рет дөп тигізді.
Бұл Ұлттық құрама мергендері Мысырда қол жеткізген 4-ші медаль (1 алтын, 1 күміс, 2 қола).
Бұл рейтингтік Әлем кубогында 66 мемлекеттен жиналған 678 сұрмерген 10 жүлде жиынтығын сарапқа салып жатыр.