Мәдениет және ақпарат вице-министрі қызметінен босатылды
Бұл туралы ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Үкімет қаулысымен Арман Әділханұлы Жүдебаев басқа жұмысқа ауысуына байланысты ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі қызметінен босатылды.
Арман Жүдебаев 1986 жылы Алматы облысында дүниеге келген.
Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясын тәмамдаған.
Еңбек жолын 2006 жылы «Алматы әуендері» МКҚК-да әртіс-аспапшы қызметінен бастаған.
2007-2009 жылдары — «Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптары оркестрi» РМҚК домбыра тобының әртісі.
2009-2011 жылдары — «Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы» РММ-нің дирижерлау кафедрасының оқытушысы.
2011-2013 жылдары — «Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы» РММ-де домбыра кафедрасының оқытушысы, аға оқытушысы.
2013-2018 жылдары — «Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптары оркестрi» РМҚК бас дирижері.
2018-2023 жылдары — «Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы» РММ ректоры.
2023 жылғы мамыр-шілде аралығы — ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитетінің төрағасы.
2023 ж. — ҚР мәдениет және спорт вице-министрі.
2023 жылдың қараша айынан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР мәдениет және ақпарат вице-министрі қызметін атқарды.