Мәжіліс педофилдерді өмір бойы бас бостандығынан айыруды көздейтін заң жобасын жұмысқа алды

Жоба Мемлекет басшысының отбасылық-зорлық-зомбылыққа жауапкершілікті қатаңдату жөніндегі тапсырмасын орындау үшін депутаттардың бастамасымен әзірленген.

Мәжіліс педофилдерді өмір бойы бас бостандығынан айыруды көздейтін заң жобасын жұмысқа алды
сурет: © Sputnik / Санат Имангалиев
838

Мәжіліс депутаттарының жалпы отырысында әйелдердің құқығы мен балалардың қауіпсіздігін қорғау мәселелері туралы заң жобасы мен оған ілеспе түзетулер жұмысқа қабылдады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Жоба Мемлекет басшысының отбасылық-зорлық-зомбылыққа жауапкершілікті қатаңдату жөніндегі тапсырмасын орындау үшін депутаттардың бастамасымен әзірленген.

Жоба Мемлекет басшысының отбасылық-зорлық-зомбылық үшін жауапкершілікті қатаңдату тапсырмасына толығымен сәйкес келеді, – деді депутат Асхат Аймағамбетов

Заң жобасында  мынадай нормалар ұсынылып отыр: біріншіден, ұрып-соғуды және денсаулыққа жеңіл зиян келтіруді, қазіргі әкімшілік жауапкершіліктен  қылмыстық жауапкершілікке жатқызып, жазасын қатаңдату. Екіншіден, жәбірленушінің өтінішін күтпей-ақ, зорлық-зомбылық туралы бақ, немесе онлайн платформалардағы ақпарат негізінде тісті шараларды қабылдау құқығын беру. Отбасында зорлық-зомбылық жасаған адамдардың агрессивті мінез-құлықын өзгерту үшін, сотқа психологиялық көмек көрсетуді міндеттеу уәкілеттілігін беру.

Сонымен қатар, педофилдерді өмір бойы бас бостандығынан айыру ұсынылып отыр. Суицидті насихаттау, немесе суицидке итермелеу үшін қылмыстық жауапкершілік енгізу де қарастырылған. Балаларға арналған интернаттық ұйымдарға алдын-ала ескертпей ақ, кез-келген уақытта оларды тексеру және тағы басқа маңызды нормалар ұсынылды.

Серіктес жаңалықтары