Бағлан Әбдірайымов әкесінің жазған соңғы хатын жариялады

Әнші адамға сынақ сындыру үшін емес. ширату үшін келетінін жеткізді.

Бағлан Әбдірайымов әкесінің жазған соңғы хатын жариялады
инстаграм
1091

Белгілі әнші Бағлан Әбдірайымовтың жақында әкесі дүниеден өтті. Өнер иесі жақынының қазасынан кейін жауапкершілігі артқанын айтты.

«Сынақ сындыру үшін емес. ширату үшін келетінін әр бір адам түсінсе керек. Көзін көргендер әкем марқұмның өз уақытында жақсы боксшы болғанын айтады. Сол үшін менің де икемім бар шығар? Өмір жалғасады. Жауапкершілік артып, есейгенімді сездім. Ата-анаң барда, балалық еркелігің қалады екен. Анама Құдай қуат берсін! Әке мен ананың разылығын алатын, сапалы ұрпақ қатарынан болайық. Уайым жұтпас үшін, іштегі шерді шығарып, кішкене терлеп алдым», - деп жазды Бағлан Әбдірайымов Instagram желісіндегі парақшасында.

Сонымен қатар әнші әкесінің өзіне жазған соңғы хатын да жариялады.

«Бақа, ақылшым менің... Құдай қуат берсін! Әдемі ой-өрісің маған бақыттың шексіз тәрбиесі секілді. Сен менің өмірімнің жалғасысың», - деп жазылған хатта.

Серіктес жаңалықтары