Бала зорлағандар өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін

Заң жобасында депутаттар бірнеше негізгі норма ұсынып отыр

Бала зорлағандар өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін
ашық дереккөз
1008

Парламент мәжілісінің қарауына «Кейбір заңнамалық актілерге әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы мен ілеспе құжат енгізілді. Алдағы уақытта депутаттар осы құжат жобасын талқылайды.

«Бұл заң жобалары Мәжіліс депутаттарының бастамасымен әзірленді. Жоба Мемлекет басшысының отбасындағы зорлық-зомбылық үшін жауапкершілікті қатаңдату тапсырмасына толығымен сәйкес келеді. Заң жобасында тиісті негізгі нормаларды ұсынып отырмыз:

  • ұрып-соғуды және денсаулыққа жеңіл зиян келтіруді қазіргі әкімшілік жауапкершіліктен қылмыстық жауапкершілікке жатқызу және де жазасын әлдеқайда қатаңдату;
  •  жәбірленушінің өтінішін күтпей-ақ зорлық-зомбылық туралы БАҚ немесе онлайн платформалардағы ақпарат негізінде тиісті шараларды қабылдау құқығын беру;
  • отбасында зорлық-зомбылық жасаған адамдардың агрессивті мінез-құлықын өзгерту үшін сотқа психологиялық көмек көрсетуді міндеттеу уәкілеттілігін беру;
  • педофилдерді өмір бойы бас бостандығынан айыру;
  • суицидты насихаттау немесе суицидке итермелеу үшін қылмыстық жауапкершілік енгізу;
  • балаларға арналған интернаттық ұйымдарды алдын-ала ескертпей-ақ, кезкелген уақытта оларды тексеру.

Аталған заң жобасы бойынша Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитеті қорытынды әзірлеуге дайын», - деді депутат Асхат Аймағамбетов Мәжілістің жалпы отырысында.

Серіктес жаңалықтары