850
Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Түркияда қола жүлдеге ие болды
Халықаралық турнирге 15 елдің спортшысы қатысты.
Қысқы спорт түрлерінен Олимпиадалық дайындау орталығының 17 жастағы мәнерлеп сырғанаушысы София Фарафонова «Эфес кубогы-2024» халықаралық турнирінде қола жүлде жеңіп алды.
22-28 қаңтар аралығында Түркияның Измир мұз айдынында жыл сайынғы дәстүрлі «Эфес кубогы» жарысы өтті. Бұл халықаралық турнирге 15 елден мәнерлеп сырғанаушылар қатысты.
Түркиядағы жарыста Литва спортшысы Александра Головкина бірінші орын алды, ал күміс медаль Молдовадан келген мәнерлеп сырғанаушы Анастасия Грачеваға бұйырды. Ал қазақстандық София Фарафонова үшінші орын алды.