15 жыл бойы іздеуде жүрген күдікті Ақтөбеде ұсталды

Ол 2008 жылы жергілікті тұрғынның пәтеріне кіріп, ас үй пышағын қолданып, жәбірленушінің денесін жаралап кеткен.

15 жыл бойы іздеуде жүрген күдікті Ақтөбеде ұсталды
ашық дереккөз
1416

2008 жылы қарақшылық шабуыл жасап, ізін жасырған күдікті ұсталды. Полиция тергеуден соң қылмыстық істі сотқа жібермек.

Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, қылмыстық оқиға 2008 жылдың мамыр айында болды. Екі жас жігіт Хромтау қаласында жергілікті тұрғынның пәтеріне кіріп, ас үй пышағын қолданып, жәбірленушінің денесін жаралайды. Сол кезде ақша мен екі ұялы телефонды ашық ұрлап кеткен.

Сол жылы Қостанай облысының тұрғыны ұсталып, қарақшылық шабуыл жасағаны үшін жеті жылға бас бостандығынан айырылды. Ал екінші күдікті туралы ақпарат болмады. Бүгінге дейін Хромтау қаласының тұрғыны жасырынып жүрді. Ал іздеу жеке іс жүргізуге бөлінді. Арада 15 жыл өткенде Хромтау полициясының жедел уәкілдері іздеуде жүрген адамды ұстады және істі сотқа береді, - деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Серіктес жаңалықтары