Түркістан облысында аудандық білім бөлімінен 530 млн теңге ұрланғаны анықталды

Түркістан облысында 3 күдікті тұлға уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Түркістан облысында аудандық білім бөлімінен 530 млн теңге ұрланғаны анықталды
istockphoto.com
2799

Түркістан облысының прокуратурасы «Жетісай ауданының білім бөлімі» ММ бухгалтерлеріне қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады, деп хабарлады turkystan.kz.

«Тергеу барысында аталған мекеменің бухгалтерлері 2021-2023 жылдар аралығында алдын ала сөз байласқан адамдар тобы болып, мектеп қызметкерлерінің анкеталық мәліметтерін өзгерту арқылы жалақыға бөлінген мемлекет ақшаларын аса ірі мөлшерде жымқырғандары анықталды»,- делінген хабарламада.

Келтірілген залалдың соммасы 530 млн теңгені құраған.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру басқармасымен 3 күдікті тұлға уақытша ұстау изоляторына қамалып, сот санкциясымен екі айға қамауға алынды.

Аталған қылмысқа басқа да тұлғалардың қатыстылығын анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері жүргізілуде.

Өзге ақпараттар ҚПК 201-бабының талаптарына сәйкес жария етуге жатпайды.

Серіктес жаңалықтары