Батыр қыздың ағасы

Қанат Мә­метовтің Жәнібек ауданына қа­расты Тау ауылында кіндік қаны там­ғанын Ресей архивінен алған құ­жат нақтылай түсті.

Батыр қыздың ағасы
turkystan.kz
1364

Кеңес Одағының батыры, даңқты жерлесіміз Мәншүк Мәметованың әкесі Ахмет Мәметовтің туған інісі Қанат Мәметовтің қызы Алматы қаласында тұратын Шолпан Қанатқызын әңгімеге тартып, аталары мен әкесі туралы сұраған едік.

– Менің әкем Қанат Мәметов Батыс Қазақстан облысының Жә­ні­бек ауданының Тау ауылында дү­ниеге келген. Атамыздың есімі Мә­мет емес, Мамыт деп аталған. Ма­мыт атам 1915 жылы Жәнібек ау­данында өмірден өткен. Әкем Қа­нат пен анам Майра сол Тау ауы­лын­да үйленіп, неке куәлігін алған. Анам Майра Батыс Қазақстан об­лысының Казталов ауданының ту­масы. Әкем Қанат Сталинград шай­­қасына қатысып, майданда ауыр жараланып, елге оралған. Со­ғыстан кейінгі жылдары Орда ау­данында басшылық қызметтер ат­қарып, 1951 жылы қайтыс болды. Әке­міз Қанаттан мен, Айман, Мар­жан және Сәуле төрт қыз едік. Ай­ман, Маржан және Сәуле қайтыс бол­ды, – деді Шолпан Қанатқызы те­рең бір күрсініп. 

Жаңалыққа жанымыз құмар жан емесспіз бе? Текті әулеттен та­ра­ған көзкөрген Шолпан апамыз әкесін Жәнібек ауданының Тау ауы­лында туғанын өз аузымен ай­тып отырғанын естіп тұрған соң өзім білетін Ресей Федерациясы Қор­ғаныс министрлігінің Орталық ар­хивінен «Память народа» сай­ты­нан Қанат Мәметов туралы мәлімет із­деп көрдім. Ресей архивінен ізде­ген мәлімет табылып, қуанышымыз қой­нымызға сыймағанын сөзбен ай­тып жеткізу мүмкін емес. Қанат Мә­метовтің Жәнібек ауданына қа­расты Тау ауылында кіндік қаны там­ғанын Ресей архивінен алған құ­жат нақтылай түсті.
Ендеше, РФ ҚМО архивінен [Қор:8568. Тізбе:37563с. Іс:44. Па­рақ:287] алынған құжатқа назар ау­­­дарайық: «Маметов Канат. Туған жы­лы:1899. Туған жері: Қазақ КСР-і, Батыс Қазақстан облысы, Жәнібек ау­даны, Тау ауылдық кеңесі. Әскер­ге шақырылған мерзімі мен жері: 01.05.1942, Қазақ КСР-і, Батыс Қа­зақ­стан облысы, Орда аудандық әс­кери комиссариаты. 1931 жыл­дан ВКП (б) мүшесі. Әскери шені: қызыл әскер. Әскери қоныстандыру пунк­ті: 13 запастағы атқыштар ди­­­ви­зиясы, 365 запастағы атқыш­тар пол­кы. Әскери бөлімге келген мер­зімі: 11.10.1942. Әскери бөлімнен кет­кен мерзімі: 27.11.1942. Кеткен жері: 61 запастағы атқыштар пол­кы. Білімі: 1 кл. Ұлты: қазақ. Аза­мат­тық мамандығы: қоймашы. Сот­ты­лы­ғы: сотталмаған. Отбасы жағ­дайы: әйелі Маметова Майра және баласы бар (Қ.Мәметовтің төрт қызы болған. Автор). Мекенжайы: Батыс Қазақстан облысы, Орда ау­даны, Орда ауылдық кеңесі. Әскери ант қабылдаған мерзімі: 17.10.1942. №227 бұйрықпен танысқан мер­зімі: 17.10.1942. Қоршауда болғаны ту­­ралы мәлімет: қоршауда болма­ған. Орыс тілін меңгеруі туралы: орыс тілін меңгерген». Қанат Мә­ме­тов туралы архив құжатындағы мә­лімет осылай сыр шертеді.

Суретте солдан оға Қанат Мәметов, Әмина Сүлейменқызы, Ахмет Мәметов

Өткен жылы саяси қуғын-сүр­гін құрбандарын толық ақтау жө­нін­дегі облыстық комиссия құра­мын­да Алматы қаласындағы Орта­лық мемлекеттік, Алматы облыс­тық ПБ архивтерінде жұмыстанған кезімде уақыт тауып, ҚР Ұлттық кі­тапхана қорында 1944-2021 жыл­дары батыр Мәншүк Мәметова ту­ралы газет-жорналдарға жа­рия­ланған 700-ге жуық мақаланы қа­рап, оқып, кейбір мақалалардың кө­­­­шірмелерін алып келіп едім. Әр жыл­дары мерзімді басылымдарға жа­зылған мақалаларда ақын, жур­налист, дәрігер және Алаш қай­рат­кері Ахмет Мәметовті 1938 жылы қаң­тарда Ішкі Істер Халық Ко­мис­сариаты қызметкерлері тұтқындап, РСФСР Қылмыстық Кодексінің 58 бабының 4, 8, 11-тармақтарымен сот­­­­талып, сол жылы 11 қарашада жо­ғарғы үкімге кесілгенін жазған. Ах­мет Мәметов пен бірге інісі Қа­нат Мәметовті кейбір басылым­дар­да өткен ғасырдың отызыншы жыл­дары сотталды деп жазған. Со­лақай саясаттың және қызыл тер­рордың құрбаны болған Ахмет Мә­метов 1958 жылы 27 ақпанда КСРО Жоғарғы Соты әскери кол­ле­гиясының қаулысымен ақталды. 
Ресей архивінен алған құжатта Қанат Мәметовтің әскерге шақы­рыл­ған кезде сотталмағанын және ВКП (б) мүшесі болғаны тайға таң­­­ба басқандай көрініп тұр. Ол со­ғыс­қа дейін сотталған болса, сол кез­де партиядан шығарылуы керек. Не­сін айтайын, біз көбіне сараптап, зер­делеп алмай мән бермей жаза бере­міз. Бұл дұрыс емес. Ал енді Қа­нат Мәметовті өткен ғасырдың отызыншы жылдары сотталды деп жаз­ғандарға Ресей архивіндегі құ­жат­тағы бұрын сотталмаған деген жазу нақты жауап болары анық. 
Батыс Қазақстан облыстық та­ри­хи-өлкетану музейінің бөлімі Мән­шүк Мәметова мемориалдық му­зей қорындағы №483/1-483/6 сақ­талған құжаттарға зер салсақ, Қа­­нат Мәметов 1946 жылы 15 ма­мыр­да «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Германияны жең­гені үшін», 1946 жылы 29 ма­мыр­да «Ерен еңбегі үшін» және «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан со­ғысындағы ерен еңбегі үшін» ме­дальдарымен марапатталған. 
Кеңес Одағының батыры Мән­шүк Мәметованың ағасы Қанат Мә­метов 1951 жылы қайтыс болған соң бұрынғы Орда ауданына қарас­ты Сүйіндік ауылдық кеңесі тұсын­дағы Жалғызапан елді меке­нінде жер­ленген. Қанат Мәметовтің құл­­­­пытасында: «Қанат Мәметов 1901-1951. Руы Қашқыншы Шер­кеш Халке атасы. Батыр Мәншүктің ағасы. Орда ауданында ел басқар­ған. Ұрпақтары Шолпан, Айман, Маржан, Сәуледен» – деп жазылған.
Ресей архивіндегі құжатта Қа­нат Мәметовтің туған жылы 1899 жылы деп жазылса, құлпытастағы жа­зуда 1901 жыл көрсетілген. 

Ахмедияр БАТЫРХАНОВ,
Орал қаласы

 

Серіктес жаңалықтары