1936
Алдағы демалыс күндері ауа райы қандай болады?
Еліміздің оңтүстік облыстары ауа райы тұрақты болады.
«Қазгидромет» РМК 3-5 ақпанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлады turkystan.kz.
Синоптиктердің болжамынша, демалыс күндері Қазақстан бойынша синоптикалық жағдайды Скандинавияның солтүстігінде орналасқан Атлантикалық циклон анықтайды.
«Елдің басым бөлігінде қарлы боранмен, екпінді жел соғады және көктайғақ болады, жауын жауады. Атлантикалық циклон да республиканың барлық дерлік аумағында температураның біртіндеп көтерілуіне себепші болады», – делінген хабарламада.
Ал еліміздің оңтүстік облыстары ауа райы тұрақты, жауын-шашынсыз болады.