Астанада қоғамдық көлікте жүру ережесі өзгерді
Қазіргі уақытта бағдарлардағы аудио хабарламалар мен бейнероликтерді өшіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Астанадағы қоғамдық көліктерде жолаушыларды отырғызу мен түсіру тәртібі өзгерді, деп хабарлады turkystan.kz.
Енді Астананың қоғамдық көлігінде отырғызу мен түсіру барлық есік арқылы жүргізіледі.
«1 ақпанынан бастап жолаушылар елорданың қоғамдық көлігінде нақты есікті таңдамай кіруге және шығуға құқылы. ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 8 қарашадағы қаулысымен бекітілген елордада жолаушылар мен багажды тасымалдау Ережесінің күші жойылғанын хабарлаймыз», – делінген «City Transportation Systems» ЖШС баспасөз қызметінің хабарламасында.
Жолаушыларды тасымалдаудың жаңа ережелеріне сәйкес алдыңғы есік арқылы кіру талаптары реттелмеген, яғни жолаушыларды отырғызу мен түсіру барлық есік арқылы жүзеге асырылады.
Қазіргі уақытта бағдарлардағы аудио хабарламалар мен бейнероликтерді өшіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.