«Теңіме шықпадым»: Мәдина Сәдуақасова отбасылық жағдайы туралы айтты

Ол «Трендті Раймнан бұрын бастаған Олжас» деген видео жариялады.

«Теңіме шықпадым»: Мәдина Сәдуақасова отбасылық жағдайы туралы айтты
ашық дереккөз
2557

Әнші Мадина Сәдуақасованың тұрмысқа шыққанына 10 жыл толуына орай өміріндегі ең маңызды сәтті еске алып, желіде күйеуімен ерекше контент ұсынды, деп хабарлады turkystan.kz.

Ол «Трендті Раймнан бұрын бастаған Олжас» деген видео жариялады.

«2014 жылдың 2 ақпанында мен бірден «кәртидім», «жас баланың басын айналдырғышқа» айналдым. Өйткені, «өзімнің теңіме шықпадым». Сол кезде өзім жайлы өмірімде бірінші рет ең көп жаман сөздер естідім. 10 жыл өтті! «Қандай жарасымды жұп!» Енді «тойға неге Олжаспен бармайды?», «Неге күйеуін Инстаға салмайды?» деп жазады. Уақыт-ай! Тез-ақ өтіп кетеді екен ғой?! Құтты болсын 10 жылдық!» - деп жазды өнер иесі.

Көпшілік ерлі-зайыптыларды мерейтойымен құттықтады.


 

Серіктес жаңалықтары