Жамбылдағы гипс өндіретін кәсіпорын перлит материалын шығара бастады

Жамбылдағы гипс өндіретін кәсіпорын перлит материалын шығара бастады

Жамбылдағы гипс өндіретін кәсіпорын перлит материалын шығара бастады
ашық дереккөзі
420
Жамбыл облысында гипс және гипс өнімдерін шығаратын кәсіпорын жаңа өндірісті іске қосты, – деп хабарлайды 24.kz арнасы. Арна тілшілерінің хабарлауынша, аталмыш жоба аясында 4 жаңа құрылыс материалын өндіретін цехтар өз жұмысын бастаған. Енді зауыттың өнімділігін 5 есе көбейтуге мүмкіндік туып отыр. Жаңа өндірістің құрылысы 2,5 жыл бойы жүргізілді. Қазір бұл цехтегі аппараттар толықтай іске қосылып, алғашқы өнімді бере бастады. Жаңадан іске қосылған жүйе толығымен автоматтандырылған, сондықтан, бүкіл процессті екі-ақ адам басқарады. Мұнда микрокальцид ұнтағын шығаратын да цех бар. Оның қолдану аясы кең, құрылыс саласынан бастап косметологияға дейін пайдаланылады. Мұнда жылына 56 мың тонна өнім дайындалады. «Бірінші этапта біз құрылыс материалдарына қажетті өлшемі 70, 100 микронды кальцид ұнтағын шығарудамыз. Екінші этапта ең күрделі саналатын 5 микронға дейін кальцид ұнтағын шығару жоспарда. Және бұл өндіріс алаңында шығарылып жатқан өнімдер әлемідк стандарттарға сай», – дейді зауыт басшысының орынбасары Димар Мэлсин. Кәсіпорындағы тағы бір жаңалық Қазақстан аумағында алғашқы рет перлит атты материал өндіріле бастады. Ол құрылыс пен ауыл шаруашылығы салаларына аса қажет. Жылына 80 мың текше перлит материалын шығару жоспарланып отыр. Жалпы, компания биылдан бастап барлық өнім түрлерінің көлемін еселеуді көздеп отыр. Оның ішінде 170 мың тонна гипс, 100 мың тонна құрғақ құрылыс қоспалары өндірілмекші. «Жамбылгипс АҚ мемлекеттік «Бизнесті дамыту» бағдарламасы аясында ТМД елдерінде гипс өндірудегі ең ірі, қуатты инновациялық жобаны іске қосты. Бұл жобаның іске қосылуы компанияның біріншіден қаржы дәрежесі өседі. Және сапалы, арзан өнім шығаруға, өнімнің өзіндік құнын азайтуға мүмкіндігіміз болады. Компания 35 пайызын экспортқа шығаруға дайын», – деп атап өтті зауыт басшысы Қайнарбек Құсайынов. Қазір Жамбылда жасалған мұндай тауар түріне  Ресей, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан елдері зауыттың жаңа өнімдеріне аса қызығушылық танытып отыр. Бұл жұмыстардың барлығы зауытты жаңалау және қайта жаңғырту жобасы аясында жүзеге асуда.  

Серіктес жаңалықтары