Қазақстанның әйелдер құрамасы бокстан Испаниядағы турнирде екі алтын медаль еншіледі

Финалда Қазақстан намысын тоғыз спортшы қорғады

Қазақстанның әйелдер құрамасы бокстан Испаниядағы турнирде екі алтын медаль еншіледі
Ашық дереккөз
3091

Қазақстан әйелдер құрамасы Ла-Нусияда (Испания) өткен Boxam Elite-2024 турнирінде екі алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлады turkystan.kz Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Жазира Орақбаева (52 келі) пен Ләззат Күнгейбаева (+81 келі) өз салмақ дәрежесінде чемпион атанды. Финалда Қазақстан намысын тоғыз спортшы қорғады.

Қазақстандық боксшылардың жекпе-жек нәтижесі:

48 кг. Әйгерім Сатыбаева (Қазақстан) - Кармен Гонсалес Ортега (Испания) - 1:4

50 кг. Назым Қызайбай (Қазақстан) - Айра Виллегас (Филиппин) - 2:3

52 кг. Жазира Орақбаева (Қазақстан) - Каелла Мопин (Франция) - 4:1

54 кг. Әнел Сақыш (Қазақстан) - Сирин Шаараби (Италия) - 0:5

63 кг. Аида Әбікеева (Қазақстан) - Сача Хайки (Англия) - 0:5

70 кг. Мадина Нұршаева (Қазақстан) - Чен Ныен Чин (Тайвань) - 0:5

75 кг. Гүлсая Ержан (Қазақстан) - Херги Басядан (Филиппин) - 0:5

81 кг. Фариза Шолтай (Қазақстан) - Эмбер Мосс-берч (Англия) - 0:5

+81 кг. Ләззат Күнгейбаева (Қазақстан) - Сайра Гарсиа Гарай (Испания) - 5:0

Серіктес жаңалықтары