Допинг қолданатын спортшыларға жеке Олимпиада өткізілмек

Алғашқысы 2025 жылы ұйымдастырылуы мүмкін

Допинг қолданатын спортшыларға жеке Олимпиада өткізілмек
Ашық дереккөз
772

PayPal мен Palantir компанияларының негізін қалаушы, миллардер Питер Тиль допинг пен стероид пайдаланатын спортшылар арасында Олимпиада өткізбек, деп хабарлады turkystan.kz Bassport.kz-ке сілтеме жасап.

Алғашқысы 2025 жылы ұйымдастырылуы мүмкін.

The New York Post газетінің жазуынша, қатысушылардың сайыс барысында шынайы және ашық түрде допинг қабылдауына болады. Олимпиада ойыны Enhanced Games компаниясының қолдауымен өтпек. Бұл компания биологиялық және тағамдық қоспаларды зерттейді.

Мұндай ойындарды өткізудің мақсаты – допинг немесе «таза» спорттың пайдасына өз таңдауын жасай алатын және олар жарысатын елдердің спорт федерациялары мен Үкіметтеріне тәуелді емес спортшылардың ерікті таңдауы.

Тильдің идеясы әртүрлі реакцияларға ие болды. Кейбіреулер оны спортшының өмірі мен спорт үшін қауіпті деп атады.

Дегенмен миллиардер 17 сәуірде идеяны ұсынады. Ал жазда ол ХОК басшысы Томас Бахпен кездесіп, осы мәселені талқыламақ.

Серіктес жаңалықтары