Жетісу облысында білім бөлімінің есепшісі бюджет қаражатын жымқырған

Мүлдем жұмыс істемейтін адамдарға 34 млн теңге жалақы төлеген.

Жетісу облысында білім бөлімінің есепшісі бюджет қаражатын жымқырған
Ашық дереккөз
1065

Жетісу облысының прокуратурасы бюджет қаражатын жымқыру фактілерінтексеріп жатыр, деп хабарлайды облыстық прокуратураның баспасөз қызметі.

Мәселен, Жетісу облысы Кербұлақ ауданының білім бөлімінің есепшісі мұғалімдерге жалақы мен демалыс ақысын жоғарылатып заңсыз төлеп, сондай-ақ мүлдем жұмыс істемейтін адамдарға 34 миллион теңге жалақы төлеп, бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді.

Екінші бір жағдайда Сарқан ауданының әкімдігі туристік орындардағы орнатылмаған санитарлық-гигиеналық тораптар үшін 29 миллион теңгеден астам ақша төлеген.

Осы фактілер бойынша Жетісу облысы прокуратурасының Сотқа дейінгі тергеп-тексеру басқармасы Қылмыстық кодекстің 189-бабының 4-бөлігінің 2-тармағы (ерекше ірі көлемдегі жымқыру ) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.

«Бұл баптың санкциясында белгілі бір лауазымдарды атқаруға немесе белгілі бір қызметпен айналысуға тыйым сала отырып, 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған»,-делінген Жетісу облыстық прокуратурасының баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Серіктес жаңалықтары