Павлодар облысында екі балаға мерзімі өткен вакцина салған

Бұл туралы облыстық прокуратураның баспасөз қызметі мәлім етті.

Павлодар облысында екі балаға мерзімі өткен вакцина салған
pol4temirtau.kz
861

Павлодар облысының прокуратурасы егу науқанын жүргізу заңдылығына медициналық ұйымдарды тексеріп жатыр.

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, 21 млн теңгеден астам сомаға 9,5 мыңнан астам вакцинаны тиімсіз пайдалану фактілері анықталды.

Атап айтқанда, Денсаулық сақтау басқармасының орталықтандырылған сақтау қоймасынан дәрі-дәрмектер өтіп кеткен жарамдылық мерзімімен медициналық мекемелерге жіберілген. Павлодар емханаларының біріне «Пентаксимнің» 135 дозасы препараттың қолданылу мерзімі аяқталған күні берілді. Тағы бір жағдайда мерзімі өткен препараттармен 2 бала вакцинацияланған.

Қарсы тексеруде кәмелетке толмағандарды қызылшаға қарсы жалған вакцинациялау фактілері анықталды.

«Облыс прокуратурасы қабылдаған шаралар бойынша жарамсыз препараттар жойылды, кінәлі адамдар жауаптылыққа тартылды»,-делінген Павлодар облысының прокуратурасытаратқан мәліметтерде.

Серіктес жаңалықтары