Қарағанды облысында суға батып кеткен балықшы іздестіріліп жатыр

39 жастағы балықшыны іздеу жұмыстары әлі де жалғасып жатыр.

Қарағанды облысында суға батып кеткен балықшы іздестіріліп жатыр
Қарағанды облысы ТЖД
1324

Қарағанды облысында 39 жастағы балықшыны іздеу жұмыстары әлі де жалғасып жатыр, деп хабарлады turkystan.kz.

3 ақпанда Қарағанды облысында Молодежный ауылының маңында балық аулау кезінде үш балықшы бар көлік мұзға құлап кеткен.

Екі балықшы өз бетімен шығып үлгерген. Оларға медициналық көмек қажет болмады. Ал 39 жастағы балықшыны іздеу жұмыстары әлі де жалғасып жатыр.

«Іздестіру-құтқару жұмыстарын жедел-құтқару жасағының құтқарушылары сүңгуірлік жабдықтың, сондай-ақ «ГНОМ» суасты телебасқарылатын тексеру кешенінің көмегімен тәуліктің күндізгі уақытында жүргізуде. Іздестіру-құтқару жұмысының күрделі болуына қатты жел, боран, аяз, кей жерлерде жұқа мұз,  судың төмен температурасы, күшті ағыс әсер етуде», – делінген хабарламада.

Сонымен қатар іздеу аумағыда үлкен. Ол үшін үнемі іздестіру аймағын кеңейтіп, мұзда жаңа жолақтарды кесіп, сүңгуірдің түсуі үшін арнайы орындарды дайындау керек.


 

Серіктес жаңалықтары