Алдағы үш күнде ауа райы қандай болады?

Елімізде тұрақсыз ауа райы сақталады.

Алдағы үш күнде ауа райы қандай болады?
ашық дереккөз
4442

«Қазгидромет» РМК 6-8 ақпанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлады turkystan.kz.

Синоптиктердің мәліметінше, елімізде тұрақсыз ауа райы сақталады.

«Қазақстанның басым бөлігі әлі күнге дейін қатты жауын-шашынның түсуіне ықпал ететін терең солтүстік-батыс циклонының ықпалында болады. Солтүстік өңірлерде қар, ал оңтүстік өңірлерде қар аралас жаңбыр жауады. Сондай-ақ жел күшейіп, көктайғақ болады және тұман түседі. Температуралық фонда күрт өзгерістер күтілмейді», - делінген хабарламада.

 

Серіктес жаңалықтары