Қазақстандық оқушылар жүзуден Азия ашық чемпионатында 62 медаль алды

Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте үшінші орынға ие болды.

Қазақстандық оқушылар жүзуден Азия ашық чемпионатында 62 медаль алды
instagram.com/kazswimteam
976

Таиланд елінің Бангкок қаласында өткен мектеп оқушылары арасындағы су спортынан Азия ашық чемпионаты аяқталды.

Чемпионатқа 14 елден 896 спортшы қатысқан. 

Ал Қазақстан жүзу құрамасынан әртүрлі жастағы 22 спортшы бақ сынады. Оның көбі Қазақстан жасөспірімдер құрамасына кіреді.

«Біздің құрама 62 медаль жеңіп алды, оның ішінде 32 алтын, 20 күміс және 10 қола медаль. Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте үшінші орынға ие болды», - деп мәлім етті Қазақстанның су спорты құрамасы.

Серіктес жаңалықтары